Амир Абдуллахиан Ирактың аймақтық диалогтарды ілгерілетудегі күш-жігерін жоғары бағалады
Иран Сыртқы істер министрі Ирак Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуінде осы елдің аймақтағы тұрақтылық, қауіпсіздік және дамуды нығайту жолындағы аймақтық диалогтарды қалыптастыру мен ілгерілетудегі талпыныстары мен сындарлы рөліне алғыс айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдоллахиан мен Ирак Сыртқы істер министрі Фавад Хұсейн екіжақты қарым-қатынастар саласындағы өзара алаңдаушылық тудыратын кейбір мәселелер, сондай-ақ кейбір аймақтық мәселелер, соның ішінде Теһран мен Рияд арасындағы келіссөздер үдерісі туралы пікір алмасты. Ирак Сыртқы істер министрі Фавад Хұсейн жақында өткен Джидда саммитіне Ирактың қатысуына сілтеме жасап, елінің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға күш салатынын айтты.
«Джидданың қауіпсіздігі мен дамуы» кездесуі сенбі күні АҚШ президенті мен Сауд Арабиясы, Ирак, Иордания, Мысыр, БАӘ, Катар, Бахрейн елдері басшыларының, тақ мұрагер ханзаданың, Кувейт және Оман премьер-министрінің орынбасары қатысуымен өтті.