Иранның Энергетика министрі: Иракта электр станцияларын салу және дамыту және электр қуатын өндіру бөлімшелеріне қызмет көрсету бойынша көптеген келісім-шарттар жасалды
(last modified Tue, 19 Jul 2022 08:45:00 GMT )
Шіл 19, 2022 14:45 Asia/Almaty
  • Иранның Энергетика министрі: Иракта электр станцияларын салу және дамыту және электр қуатын өндіру бөлімшелеріне қызмет көрсету бойынша көптеген келісім-шарттар жасалды

Иранның Энергетика министрі Ирактағы электр стансаларының құрылысы мен дамуы және электр қуатын өндіру бөлімшелерінің қызмет көрсетуі үшін бірнеше келісімшарт жасалғанын хабарлады.

 

Әли Акбар Мехрабиан Fars ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иран мен Ирак арасындағы электрлік ынтымақтастық жағдайларына тоқталып: «Иранның электр стансасы құрылысының техникалық білімі бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып, 1950 мегаватт электр стансасының құрылысын Ирак тарапының инвестициясымен ирандық компаниялар және елдің жеке секторының білімге негізделген компаниялары жүзеге асырды. Сондай-ақ бұл елде 1700 мегаватт электр станцияларының құрылысын жүзеге асыруда»,- деді.

Мехрабиан Иранның Батыс Азиядағы электр қуатын өндірудегі алғашқы держава екенін атап: «Электр энергетикасы саласында ұзақ мерзімді стратегиялық келісім-шарттар жасауға бет бұру Иран үкіметінің аймақтық дипломатиясының серпінді бағыттарының бірі болып табылады. Халықаралық есептерге қарағанда, Иран Батыс Азия елдері арасында ең үлкен электр қуатын өндіру және тарату мүмкіндігіне ие»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер