Ширез аңғары – Луристан облысындағы жұмақтың бір бөлігі
(last modified Fri, 22 Jul 2022 13:01:56 GMT )
Шіл 22, 2022 19:01 Asia/Almaty

Ширез аңғары Куһдәшт қаласынан 55 км жерде, Керманшах, Илам мен Луристан облыстары тоғысқан жап-жасыл аймақта Сеймаре өзенінің жағасында орналасқан.

Ширез шатқалының ұзындығы – 5 км. Оның ортасында өзен ағып жатыр. Бұл өзен Ширез аңғарының кіреберісінде Сеймаре өзеніне қосылады. Аймақтың табиғаты әдемі. Суы мол бұлақтар, тік жартастар мен жабайы жеміс-жидек ағаштары көп.