Шіл 27, 2022 14:15 Asia/Almaty

Иран Президенті Теһран үкіметінің бар күш-қуатымен санкцияларды жоюға талпынып жатқанын айтып: «Жағдайды Иран халқының мүддесіне қарай өзгертеміз»,-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси елдің түкпір-түкпіріндегі жұма намазы құтпагерлерінің 25-ші отырысында: «ИИР ешқашан келіссөз үстелінен кеткен емес. Керісінше батыстықтар келіссөздер барысында АҚХА басқарма кеңесінде қарар қабылдау арқылы келіссөзде дағдарыс тудырды»,-деді.

Раиси келіссөздер нәтижеге жетуі үшін қарсы тараптың ерік-жігері қажет екенін айтып: «ИИР-дің ұстанымы қисынды да рационалды. Қарсы тарап та қисынды әрекет етсе, келіссөздерден нәтиже шығады»,-деп еске салды.

 

Тегтер