Там 23, 2022 03:32 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық айбыны мен тежегіш қуатын арттыруда қорғаныс өнеркәсібінің  рөлі зор

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Бағери 31 мордад Қорғаныс өнеркәсібі күніне орай сөйлеген сөзінде: «Қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетін арттырып, дамыту елдің ұлттық айбыны мен тежегіш қуатын арттыра алды»,-деді.

Ираннның қорғаныс қуаты қазір айтарлықтай дамыды. Бүгінде ИИР аймақта алпауыт ел болып саналады. Беделді тежегіш қуат тудыру арқылы кез келген халықаралық қоқан-лоққыға қарсы тұрып, қорғана алады. Иранның қорғаныс стратегиясы әсерлі тежегіш қуат негізінде қалыптасқан, сондықтан қорғаныс өнеркәсібі осы салада шешуші рөл ойнайды. Иран құрлық, әуе және теңізде қолданылатын түрлі әскери құрал-жабдықтар жасау саласында ірі жетістіктерге жетті және әлемдік деңгейде жергілікті әскери технологияға ие ел ретінде танылды. Иранға қарсы салынған қару-жарақ санкциясымен күресу, қорғаныс саласында өзін-өзі қамтамасыз етіп, тежегіш қуатын қалыптастыру мақсатында соңғы бірнеше онжылдықта қорғаныс өнеркәсібі таңғаларлықтай дамыды. Мықты қарулы күшке ие болу үшін армияны заманауи әскери құрал-жабдықтар және қару-жарақтармен жабдықтау керек. Бұл – қорғаныс өнеркәсібінің басты әрі маңызды міндеті.

Қорғаныс өнеркәсібі таңылған соғыстан (Иран-Ирак соғысы) кейін Иран армиясы мен Сақшылар корпусын әскери тұрғыдан қамтамасыз ету және түрлі қару-жарақ жобалап жасау үшін ірі қадамдар жасады. Иранның тежегіш қуатының басты ұстындарының бірі – баллистикалық зымырандар арсеналын қалыптастырып, дамыту. Бұл арсенал түрлі ұзақтықтарға арналған әралуан баллистикалық зымырандардан тұрады.

Иранның тежегіш қуатының тағы бір қыры – ассиметриялық соғыс. Тағы да қорғаныс өнеркәсібі осындай соғыс жүргізуге қажетті қару-жарақтар мен құрал-жабдықтар дайындауда маңызды рөл атқарады.

Қорғаныс өнеркәсібінің тағы бір қыры – Қарулы күштер үшін қырғи ұшақтар, түрлі әскери және жүк кемелері, түрлі зымырандық кешендер, бронды көліктер мен ұшқышсыз ұшақтар сияқты жалпы құралдар жасау.

Қорғаныс өнеркәсібі қозғалтқыштар, сенсорлар, электроникалық жабдықтар, радарлар мен басқа да аппараттар жасауға қажетті заманауи технологияларды дамытуда басты рөл ойнайды.

Тегтер