Раиси: Иран мен Арменияның тарихи шекаралары аймақтық жақындасу мен қауіпсіздіктің негізі болып табылады
ИИР Президенті: « Иран мен Арменияның тарихи шекаралары аймақтың гүлденуі, жақындасуы және қауіпсіздігінің негізі болып саналады және Теһран аймақтың гүлденуі мен тұрақтылығының игілігі үшін барлық салалардағы ынтымақтастықты жалғастыруға бекінген»,- деді.
Iran Press-тің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сейсенбі күні Армения премьер-министрі Никол Пашинянның телефон қоңырауына жауап беріп, аймақтағы шиеленістің жалғасуына алаңдаушылық білдіріп: «Кавказ аймағы ерекше жағдайдан өтуде, өкінішке орай, бұл аймаққа әлі тыныштық оралған жоқ»,- деп мәлімдеді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің басшысы сионистік режимнің аймақтағы ықпалына сілтеме жасап, осы басқыншы режимнің болуын қауіпсіздікке қарсы және бүкіл аймаққа, соның ішінде олардың иелеріне қауіп төндіру деп таныстырды.
Никол Пашинян Кавказ аймағындағы соңғы оқиғалар туралы: «ИИР аймақтағы шиеленіс пен дағдарыстарды шешуде әрқашан сындарлы және тиімді рөл атқарды»,- деді.