Раиси: Иран аймақта белсенді рөл атқаруды көздейді
https://itolqyn.com/news/iran-i63966
ИИР президенті көршілер мен аймақ елдерімен қарым-қатынастарды дамытуды 13-ші үкіметтің негізгі саясаттарының бірі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 14, 2022 15:31 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран аймақта белсенді рөл атқаруды көздейді

ИИР президенті көршілер мен аймақ елдерімен қарым-қатынастарды дамытуды 13-ші үкіметтің негізгі саясаттарының бірі деп атады.

 

Ибрахим Раиси өзбек әріптесі Шауқат Мирзиеевтың ресми шақыруымен саяси және экономикалық қайраткерлерден құралған жоғары мәртебелі делегацияны бастап, бүгін (сәрсенбі) Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Өзбекстанның Самарқанд қаласына аттанды.

Раиси Өзбекстанға сапары алдында: «Бұл сапар Өзбекстан   Президентінің шақыруымен екіжақты ресми кездесу және Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін жасалады. Бұл сапардың мақсаты – көршілік саясат пен жақындасуды нығайту және көпжақтылықты тереңдету»,- деді.