Рухани: Демократия - ислам республикасы жүйесінің ең үлкен мақтанышы
ИИР президенті демократияны ислам республикасы жүйесінің ең үлкен мақтанышы деп атады.
ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда қалалық және ауылдық ислам кеңесі ұлттық күнімен орайлас өткен кеңестердің үлкен форумында: "Қалалық және ауылдық исламдық кеңестері бүкіл Ирандағы жүйе мен үкіметтің қуатты білектері болып табылады. Иранда шамамен 117 мың адамның қалалық және ауылдық исламдық кеңестерінің мүшелері болуы Иран халқы үшін үлкен байлық. Халықтың қатысуы мен атсалысуы және сергектігі олардың дауыстары мен Иранда өтетін барлық сайлаулар жұмыс атқарудағы ақылдасудың маңыздылығын білдіреді" деді.
ИИР президенті сондай- ақ сөзінің келесі бір бөлімінде Америка тарапынан Иран ислам респубикасының 2 млрд доллар байлығының тәркіленуіне сілтеме жасап: "АҚШ үкіметі өзінің заңсыз шараларына жауапты. Иран үкіметі осы мәселені нәтижеге жеткенше қарастырады" деді.