Иран Сыртқы істер министрі «көбелек ауруына» шалдыққандардың үйіне барды
(last modified Wed, 19 Oct 2022 10:38:52 GMT )
Қаз 19, 2022 16:38 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі «көбелек ауруына» шалдыққандардың үйіне барды

Иран Сыртқы істер министрі Дүниежүзілік көбелекпен ауыратындар туралы хабардар болу апталығы қарсаңында Теһрандағы «Көбелек ауыруына» (EB) шалдыққандардың үйіне барды.

IRNA-ның хабарлауы бойынша, бүгін, сәрсенбі күні  Хұсейн Амир Абдоллахиан бұл науқастардың санкцияларға байланысты проблемаларына өкініш білдіріп, Иранның дәрі-дәрмекке байланысты санкцияларға жиіркеніш білдіретінін айтты.

Эпидермолиз буллоза, қысқартылып  EB  деп аталатын ауру тері мен шырышты қабатта көпіршіктерді тудыратын тері тіндеріндегі тұқым қуалайтын ауру. Терінің жұқаруы мен осалдығына байланысты бұл ауруды көбелектің қанатына ұқсатып, Иранда «көбелек» ауруы деп атайды.