Қаз 21, 2022 18:43 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Хатами: «Иран Ислам революциясының болашағы бұрыннан да жарқынырақ болады. Дұшпандардың тентек әрекеттері революцияның болашағына сызат түсіре алмайды»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла сейіт Ахмад Хатами елде соңғы бір аптада болған бүліктерге тоқталып: «Дұшпандар Иран халқы туралы көп түс көреді. Түстерінің бәрі – бос қиял. Олар ешбір мақсаттарына жетпейді»,-деді.

Аятолла Хатами дұшпандар революцияға қарсы өрт тудырған кезде Құдай ол өртті өшіріп отырғанын айтып: «Біз дін мен революцияға берік болып отырғанда дұшпандардың Иранға қарсы қылмыстары жалғаса береді»,-деді.  

Теһран жұма намазының құтпагері ИИР жүйесінің күн сайын дамып келе жатқанын айтып: «Масқара жағдайын бүкіл әлем білетін АҚШ соңғы бір айда бүлікшілерді қолдауға бар күшін салды»,-деді.

 

Тегтер