Амир Абдоллахиан: Жақында Иранның санкциялар тізіміне бірнеше еуропалық институттар мен жеке тұлғалар қосылады
Иран Сыртқы істер министрі алдағы күндері Еуропалық Одақ елдерінен бірнеше мекеме мен тұлғалардың аты-жөні ИИР-ның санкция тізіміне қосылатынын хабарлады.
Esran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Ғоламохсин Мохсени Эжией штабының басшысы мен мүшелерінің қатысуымен өткен Ислам республикасының адам құқығы штабының отырысында өткен аптадағы Сыртқы істер министрлігінің террор, зорлық-зомбылық және экстремизмді қоздыру қылмысы үшін 7 мекеме мен 13 британдық шенеуніктің, олардың ішінде «Iran International» және «BBC Farsi» телеарналарының санкция тізіміне қосылғанына сілтеме жасай отырып: «Алдағы күндері Еуропалық Одақ елдерінен бірнеше мекеме мен тұлғалардың есімдері Иран Ислам Республикасының санкция тізіміне енеді»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігі сәрсенбі, қазанның 19-ы күні мәлімдеме жасап, бірнеше британдық мекеме мен жеке тұлғаларға қарсы санкция жариялады.