Раиси: Университеттер ел үшін ғылым өндіру арқылы дұшпандарды сәтсіздікке ұшыратты
https://itolqyn.com/news/iran-i65166
Иран Президенті: "Университеттер ғылым өндіру арқылы елдің күш-қуатын арттырып, дұшпандарды сәтсіздікке ұшыратты. Университет – шешім жолдарын ұсынатын ең қолайлы жер",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 30, 2022 20:08 Asia/Almaty
  • Раиси: Университеттер ел үшін ғылым өндіру арқылы дұшпандарды сәтсіздікке ұшыратты

Иран Президенті: "Университеттер ғылым өндіру арқылы елдің күш-қуатын арттырып, дұшпандарды сәтсіздікке ұшыратты. Университет – шешім жолдарын ұсынатын ең қолайлы жер",-деді.

Ибрахим Раиси университеттердің ректорларымен кездесуінде жоғары оқу орындарын шаттыққа толы динамикалық орталықтар деп атап: "Бұл орталықтар ғылым өндіру және ғылыми қабілеттерді арттыру арқылы елдің күш-қуатын арттырып, дұшпандарды сәтсіздікке ұшыратты",-деді.

Иран Президенті саясилықты университет кеңістігінің қалыпты жағдайы деп атап: "Университеттің саяси болуы дегеніміз мынау: ол қоғамның басқа тармақтарынан жақсырақ оның қажеттіліктерін анықтап, халыққа қызмет ету үшін өзінің басымдықтарын елдің мәселелерімен сәйкестендіруі керек",-деді.

Раиси бүгінгі соғысты рауаяттар соғысы деп атап, дұрыс әрі шынайы рауаятты түсіндірудің маңыздылығын атап өтіп: "Иранның басқа елдермен қатынасын үзіп, елде ғылыми-өндірістік жұмыстарды тоқтатуға көп күш салған дұшпан іс жүзінде жеңілгенін түсінгенде қастандық пен бүлдіргі әрекеттер жасай бастады",-деді.