Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иранда халықты арандатып, бүлік жасаудағы мақсатын этностар мәселесін көтеріп, азаматтық соғысқа ұластыру деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран жұма намазының құтпагері Казем Седдиқи 13 абан – Әлемдік үстемшілдікке қарсы күрес күнімен құттықтап, Иран халқының АҚШ-ты жек көру себебіне тоқталып, халықтың ұраны "АҚШ-қа өлім" екенін айтып: "АҚШ әлемдік қауымдастыққа қиянат жасап, түрлі елдерге шабуыл жасаумен қоса, 60 төңкеріс ұйымдастырған. Тонаушы, агрессор әрі қанішер режим ретінде үнемі халықтардың құқықтарын таптап келді",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері: "АҚШ-тың соңғы күндері Иранда бүлік шығаруының мақсаты халықтың бірлігін бұзып, этностар мәселесін көтеріп, азаматтық соғысқа ұластыру болды. Бірақ халық жалдамалыларға ермегені былай тұрсын, ұлттық бірлік пен айбынды сақтай отырып, Ислам революциясының жетекшісі мен шәһидтердің қанына адалдықтарын жариялап, АҚШ-тың саясатына "жоқ" деп жауап берді",-деді.