Амир Абдуллахиан: Иран келісімді сақтау үшін диалогқа жолды ашық қалдырды
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың ядролық келісімнен біржақты шығуы мен БҰҰ қарарын айқын бұзуына тоқталып: «Иран келісімді сақтау үшін диалогқа жолды ашық қалдырды»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні Теһранда өткен БҰҰ Достары Жарғысының бірінші халықаралық отырысында: «Иран Батыстың міндеттемесін бұзғанына қарамастан, ядролық мәселені бейбіт жолмен шешуді ұстанды»,- деді. Амир Абдуллахиан: «Біржақтылық жаңа әдістермен жалғасуда және үкіметтер мен тәуелсіз саяси жүйелерді әлсірету үшін жаңа технологиялар мен киберкеңістікті теріс пайдалану оның белгілерінің бірі болып табылады»,- деп айтты.
Иран Сыртқы істер министрі киберкеңістікте ұлттар мен үкіметтерге қарсы жалған мазмұнды өндіру мен таратудың тәуелсіз елдердің тұтастығын нысанаға алған және елдердегі тұрақсыздық пен зорлық-зомбылықты ынталандыратын Адам құқықтары Жарғысына толығымен қайшы келетінін мәлімдеді.