Раиси: Санкция мен тұрақсыздық тудыру – дұшпанның екі стратегиялық қателігі
Иран Президенті: "Санкция мен тұрақсыздық тудыру – дұшпанның Иран халқына қатысты екі стратегиялық қателігі. Бұл салаларда ол үнемі жеңіліс тауып келеді",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні Теһранның оңтүстік-шығысындағы Пакдәшт ауданы халқымен кездесуінде: "Дұшпанның санкция салу саясаты жеңіліс тапты, Иранда тұрақсыздық тудыру саясаты да сәтсіздікке ұшырады",-деді.
Раиси: "Дұшпан Иран ғалымдарының ғылыми шыңдарды бағындыруын, Батыс Азия аймағында бірінші болуын қаламайды",-деді.
Иран Президенті: "Дұшпан Иран халқын үмітсіздендіруді қалайды. Ал Ислам революциясы халыққа үміт сыйлайды. Иран қоғамында үмітсіздік тудыру – дұшпанның қате мақсаты. Бұл – дұшпан жасап отырған стратегиялық қателік",-деді.