Иранның ядролық келіссөздер тобының медиа кеңесшісі сионистік газеттің қоқан-лоққы мақаласына жауап берді
Иранның ядролық келіссөздер тобының медиа кеңесшісі сионистік ақпарат құралдарының қоқан-лоққы мақаласына жауап ретінде Иранға кез келген шабуыл жасалған жағдайда мыңдаған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандардың басқыншы режимдердің инфрақұрылымдарын нысанаға алатынын баса айтты.
Иран студенттері ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауынша, Мұхаммад Маранди Твиттерде сионистік «Times of Israel» газетінің жуырдағы мақаласына жауап берді. Бұл мақалада: «Израильдің F-35 жойғыштары Иранға күш көрсету мақсатында басып алынған аумақтардың аспанында ұшып бара жатқан американдық бомбалаушы ұшақтарды сүйеп жүрді»,- деп жазылған.
Маранди өзінің твиттерінде: «Ешкім мұндай қауіп-қатерге мән бермейді. Егер Иранға қарсы шабуыл жасалса, мыңдаған ирандық ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандары АҚШ күштерін орналастыратын немесе дұшпандық күштерге өз әуе кеңістігін пайдалануға мүмкіндік беретін режимдердің негізгі инфрақұрылымдарын жояды»,- деді.
Маранди: «АҚШ пен ЕО өздерін жылыту үшін ормандарды өртеп жібереді»,- деді.