Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 18 Nov 2022 16:06:50 GMT )
Қар 18, 2022 22:06 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Иранның тәртіп күштері, армиясы, Сақшылар корпусы мен Басидж күштерін Ислам республикасы айбынының символы деп атап: "Бүлікшілердің мақсаты – Ислам республикасының жүйесіне нұқсан келтіру",-деді.

Ахмад Хатами Иранның кейбір қалаларындағы кейбір бүліктер туралы: "Бүлікшілердің басты мақсаттарының бірі – жүйені құлату. Өздері мұны мойындап отыр",-деді.

Аятолла Хатами: "Бүгінде иман күпірлікпен соғысып жатыр. АҚШ, сионистік режим, Франция, Ұлыбритания, Мұнафықтар мен монархиялық жүйені қолдайтын халыққа қарсы сұрқия әрі жиренішті топтардың бәрі ислам дініне қарсы шығып отыр. Өйткені дінге қарсылықтары болмаса, руханиятқа құрметсіздік көрсетпес еді, Құран мен мешіттерді өртемес еді",-деді.

Аятолла Хатами исламдық жүйенің айбынына нұқсан келтіруді бүлікшілердің мақсаттарының бірі деп атап: "Айбынсыз үкімет қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Бүлікшілер исламдық жүйенің айбынын нысанаға алды",-деді.