Раиси Ирак Премьер-министрін  күтіп алды
https://itolqyn.com/news/iran-i65860
Иран Ислам Республикасының Президенті Теһрандағы Саадабад тарихи-мәдени кешенінде Ирак Премьер-министрін ресми түрде қарсы алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 29, 2022 17:02 Asia/Almaty
  • Раиси Ирак Премьер-министрін  күтіп алды

Иран Ислам Республикасының Президенті Теһрандағы Саадабад тарихи-мәдени кешенінде Ирак Премьер-министрін ресми түрде қарсы алды.

Ирак Премьер-министрі бүгін,  сейсенбі күні саяси және экономикалық делегацияның басында ИИР қайраткерлерімен сөйлесу үшін Теһранға келді.

Әл-Суданиді ресми қарсы алу рәсімі ИИР Президенті Ибрахим Раисидің қатысуымен Теһрандағы Саадабад мәдени кешенінде өтті. Бұл Ирак Премьер-министрі Мұхаммад Шиа әл-Суданидің премьер-министр қызметіне кіріскеннен кейінгі Иранға жасаған алғашқы сапары. Батыс Азиядағы араб елдерінің ішінде Ирак Иранмен мәдени және діни жақындығы ең жоғары ел.