Раиси: Дұшпан Иран халқының жүрегінен орын алмағанын және орын алмайтынын білсін
(last modified Thu, 01 Dec 2022 17:53:18 GMT )
Жел 01, 2022 23:53 Asia/Almaty

Иран Президенті: "Америкалықтар Иран халқының жүрегінен орын алмағанын және орын алмайтынын білсін, өйткені ирандықтарда жанпидалық пен қарсыласу мәдениеті кең таралған",-деді.

"Азат" бөгетінен Санандадж су тұшыландыру кешеніне су тасымалдау желісін іске қосу, халықпен кездесу, облыстың дін басшылары және дарындармен жиналыс өткізу – Раисидың Күрдістан облысына біркүндік сапары бағдарламасының ең маңызды шаралары.

Раиси бейсенбі күні Санандаджда Күрдістан халқының түрлі әлеуметтік топ өкілдерімен кездесіп: "Күрдістанда халықтың табандылығының куәсі болдық. Халық облыстағы антиреволюциялық топтар мен қарсыластарға табанды түрде төтеп берді. Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бері антиреволюциялық топтар бос қиялға сеніп келеді. Халық оларды мүлде қолдамайды",-деді.

Раиси: "Өткен бірнеше ай барысында дұшпандар өз есептеуінде тағы бір қателік жіберді",-деді.

Иран Президенті: "Сүннит пен шиіттің Күрдістанда қатар өмір сүріп жатқанына жылдар болды. Олар дұшпандарды тайраңдатып қоймайды",-деді.

Раиси: "Осы өңірдің қарулы күштері, полиция күштері мен халықтың бойында бар жанпидалық рух дұшпандардың қастандық жасау жолын жапты",-деді.

Раиси: "Күрдістан жастары өз әке-шешелері сияқты дұшпандардың сағын сындырып, осы өңірдің дамуы үшін үлкен қадамдар жасайды",-деді.