Жел 02, 2022 20:31 Asia/Almaty

Теһран жұма намазының құтпагері: "Шәһидтердің қанымен құрылған университеттер революцияға зиян тигізе алмайды",-деді.

Казем Седдиқи 16 азар (7 желтоқсан) Студенттер күні қарсаңында кейбір университеттерде кейінгі кезде құрметсіздік жасалғанына тоқталып: "Университеттер шәһидтердің аты мен қанына негізделіп құрылған. Сондықтан мұндай оқиғалар революцияға зиян тигізбейді",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері: "ИИР 43 жыл бойы барлық үстемшілдер мен алпауыттарға төтеп берді. Олар қанша жерден тәжірибелі болса да, ұдайы  жеңіліс тауып келеді",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері: "Иран халқы үстемшілдердің барлық қоқан-лоққыларын мұрсатқа айналдырды. Өйткені бұл халық бүкіл үмбет бір рух, бір мықты күш, бір жүрек екеніне сенеді",-деді.

Тегтер