Жел 02, 2022 21:59 Asia/Almaty
  • Раиси: Кейінгі күндерде болған бүліктерде кісі өлтіріп, тыныштықты бұзғандар әділетті жазасын алуы тиіс

Иран Президенті Күрдістанда бүліктен қаза тапқандардың жанұяларымен кездесіп: "Бүлік пен бейберекеттік кезінде кісі өлтіріп, бейбіт халық пен қауіпсіздік күштерін жаралаған адамдар әділетті жазасын алуы тиіс",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні Күрдістанға сапар барысында осы облыста қаза тапқан қауіпсіздік күштерінің жанұялары және соңғы бүлікте жараланғандармен кездесуінде бүлікшілердің айуандығы мен рақымсыздығын ДАИШ-тың әрекетіне ұқсатып: "Қауіпсіздік – ИИР-дың қызыл сызығы",-деді.   

Раиси: "Қауіпсіздік – кез келген ел мен қоғамның қызыл сызығы, ең маңызды да өзекті мәселесі. Ешбір халық пен үкімет елдің қауіпсіздігіне қатер төнуіне рұқсат бермейді",-деді.

Тегтер