Раиси: Иран Конституциясын жүзеге асырудың әдістері мен механизмдерін өзгерту мүмкіндік бар
ИИР Президенті Иран Ислам Республикасы Конституциясының тығырыққа тірелмейтініне тоқталып: «Конституция Республика мен Исламға, Ислам революциясының дамуы мен іске асуына кепілдік береді»,- деді.
ИИР Президенті Ибрахим Раиси сенбі күні өткен «Негізгі заңның орындалуына жауапкершілік» жөніндегі ұлттық конференцияда ИИР Конституциясының тығырыққа тірелмейтінін қуаттап: «Конституция республикаға, исламшылдыққа және ислам революциясының жүзеге асуына кепілдік береді»,- деп айтты. Конституцияның барлық қағидаларын жүзеге асыруға талпыныс жасау қажеттілігіне тоқталған Раиси: «Біздің еліміз - сайлау елі. Революциядан кейін бізде сайлау көп болды, бірақ адам құқықтары туралы уәж айтатындардың осы уақытқа дейін бір сайлау өтпеген аймақтағы жүйені қолдайтынына таң қалдым»,- деп мәлімдеді. Иран Президенті әділеттілікке жетудің ең жақсы жолы заңның орындалуы екенін баса айтып: «Заңның орындалуына әр саяси партия мен ағымның бәрі ортақ болуы керек және заңның үстемдігі принцип болуы керек»,- деді.