Генерал-майор Бағери: Парсы шығанағы әрдайым Иран Қарулы күштерінің бақылауында
(last modified Sun, 04 Dec 2022 11:03:06 GMT )
Жел 04, 2022 17:03 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери: Парсы шығанағы әрдайым Иран Қарулы күштерінің бақылауында

Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы: "Парсы шығанағы күндіз-түні Иран Қарулы күштерінің бақылауында",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Мұхаммед Бағери жексенбі күні таңертең Бушерде Иран армиясының әуе күштеріне қарасты алтыншы базаны аралап: "Парсы шығанағының солтүстік бөлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті Иран Қарулы күштерінің мойнында. Қуанышқа орай, теңіз бен көкте қауіпсіздік толық сақталған",-деді.

Генерал-майор Бағери Иран Қарулы күштерінің күндіз-түні теңізде және әуеде патруль жасап, бақылау жүргізіп отырғанын айтып: "Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында трансаймақтық күштер флоттарының орналасуы бұрынғы жылдармен салыстырғанда минимумға жеткізілді. Бұл аймақта қауіпсіздік сақталғанын және ИИР күштерінің айбынын көрсетеді",-деді.  

Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы: "Бушер облысы мен Парсы шығанағында  елдің мұнай-газ және балық аулау саласына қатысты органдары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр",-деді.