Жел 07, 2022 23:35 Asia/Almaty
  • Хатиб: Франция Президентін АҚШ Орталық барлау басқармасының агенті басқарады

Иранның Барлау министрі кейбер еуропалық басшылардың ИИР-ға қарсы позициясына тоқталып: "Франция Президентін АҚШ ОББ-сының агенті басқарады",-деді.

Иранның Барлау министрі Исмаил Хатиб Эммануэль Макронның Иранға қарсы бір топпен кездескеніне тоқталып: "АҚШ Президенті Франция Президентіне не істеу керегін айтпай-ақ қойса болады, өйткені ОББ-ның агенті оған не айтып, не қою керегін айтып тұрады",-деді.

Исмаил Хатиб   америкалықтардың іс жүзінде Еуропаны, соның ішінде Франция мен Германияны тұтқынға алып алғанын айтып: "Батыс елдері арагідік бір сөз немесе бір дипломатиялық ойынмен АҚШ-тан тәуелсіз өмірдің белгілерін көрсетуге тырысады, бірақ бұл белгілер толығымен жасанды әрі түкке тұрғысыз",-деді.

Тегтер