Раиси: Жаудың медиа империясы өтірік айту арқылы фактілерді бұрмалайды
(last modified Fri, 09 Dec 2022 12:01:53 GMT )
Жел 09, 2022 18:01 Asia/Almaty
  • Раиси: Жаудың медиа империясы өтірік айту арқылы фактілерді бұрмалайды

ИИР Президенті дұшпандардың лаңкестікке қолдау көрсету және халықты қолдаймыз деген екіжүзді әрекеттеріне тоқталып: «Дұшпанның ақпарат империясы сахналау және өтірік айту арқылы фактілерді бұрмалайды»,- деді.

 

 

Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси Теһрандағы қауіпсіздікті қорғаған шәһидтердің отбасыларын  құрметтеу рәсімінде: «Дұшпан ДАИШ-тің соңғы оқиғаларында революция мен Иран халқының өмірін ныманаға алды және құндылықтар ағыны мен революция майданына деген асқан қыңырлық пен өшпенділік көрсетті. Бүгінде Иран халқының дұшпандары халық үшін «өмір» деп айғайласа, екінші жағынан қарулы адамдар Шаһшырақ кесенесінде 10 жасар сәби мен оның ата-анасының өмірін қиды»,- деп айтты. Иран Президенті сөзінің жалғасында: «Ауғанстандағы жаулар демократияны алға тартты, бірақ бұл елге жасалған әскери араласудың нәтижесі  35 мың мүгедек бала болды және олар барлық үйлер мен қалаларды қиратты, әлі күнге дейін «біз өмір береміз!» деп айтады. Осындай айтатындай дүниеде қай адамдарға өмір сыйлады?»- деді. Раиси сегіз жылға созылған соғыста дұшпандардың жеңіліске ұшырауын және Ирандағы өткен қырық жылдағы қастандықтардағы сәтсіздіктерін де атап өтіп: «Дұшпан құндылықтарға, Ислам революциясына және Иран халқына жаңа гибридтік соғыс пен қастандықпен шабуыл жасауды көздеді, бірақ халық перзенттері бұл шабуылға қарсы тұрды»,- деп қуаттады.