Раиси: ИИР ақпарат айналымында ашықтық принципін ұстанады
Иран Президенті: "ИИР жүйесінде халық ақпарат айналымынан хабардар болуы тиіс",-деді.
Иран Президенті: "Ашықтық Иранның ішкі мәдениеті, заңдары мен ережелеріне сырттан келген принцип емес, ол діни-ислами мәдениеттен тамыр алады",-деді.
Раиси жексенбі күні ашықтықты арттыруға арналған алғашқы ұлттық форумда: "Ел конституциясы мен заңдарға сәйкес, халық келісімшарттар мен хаттамалар, экономикалық және әлеуметтік белсенділіктерден хабардар болуы керек. Тек Мүміндердің әмірі имам Әли (ғ.) айтқандай, дұшпандар теріс пайдалануы ықтимал деген жағдайда ғана келіссөздер жасырын өтеді",-деді.
Раиси Ислам республикасында жеке кеңістікке құрмет көрсетілетінін айтып: "Конституцияда адамдардың жеке кеңістігіне құрметпен қарау керегі жазылған",-деді.