Рухани: Үкіметтің саясаты тұрақтылық пен тыныштықты қайтару болып табылады
https://itolqyn.com/news/iran-i667-Рухани_Үкіметтің_саясаты_тұрақтылық_пен_тыныштықты_қайтару_болып_табылады
ИИР президенті елге тұрақтылық пен тыныштықты қайтаруды Иран үкіметінің маңызды саясаты деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 13, 2016 20:32 Asia/Almaty
  • Рухани: Үкіметтің саясаты тұрақтылық пен тыныштықты қайтару болып табылады

ИИР президенті елге тұрақтылық пен тыныштықты қайтаруды Иран үкіметінің маңызды саясаты деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани бүгін сенбі күні Теһранда Орталық банктің жыл сайынғы отырысында Иран банктері төрағаларының алдында сөйлеген сөзінде инфляцияны бақылау мен ауыздықтауды, қаржы және ақша тәртібін нығайтуды Иран үкіметінің экономикалық команда мен Орталық банктің көмегімен қол жеткізген маңызды жетістіктері деп атады.

Рухани банктерді экономика өмірі мен Иранның өзге елдермен қаржы саласындағы байланысының күре тамыры ретінде бағалап: «Әділетсіз санкциялар кезінде Иран халқына әлем экономикасының тарихындағы ең сорақы санкциялар салынды. Сондықтан банктер өздерін санкциядан кейінгі кезде бәсекелестік кеңістікке дайындауы керек» деді.

ИИР президенті сондай- ақ 26-шы ақпан күні өтетін Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің сайлауларына сілтеме жасап: «Халықтың дауыс беру орындарына белсенді түрде қатысуы аймақ пен әлемдегі қазіргі жағдайда өте маңызды болып табылады» деп қуаттады.