Қаң 05, 2023 11:45 Asia/Almaty

ИИР Президенті Иранның ғарыш кемесін ұшыру технологиясына қол жеткізген санаулы елдердің бірі екеніне тоқталып: «Күш-жігерді жалғастыру және геоорбитада жергілікті жер серіктерін орналастырудың ғылыми мүмкіндіктеріне қол жеткізумен Иранға қарсы телевидение мен спутниктік арналар саласындағы дұшпандардың қоқан-лоққылары мен санкциялары тиімсіз болады»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні кешкісін Жоғарғы ғарыш кеңесінің отырысында ғарыш саласын ел үшін қуат жасайтын салалардың бірі деп атап, жергілікті мамандардың мүмкіндігі мен білімін пайдалана отырып, осы саладағы ұлттық мақсаттарды толық жүзеге асыру қажеттігін баса айтты. Иран Президенті  ғарыш өнеркәсібіндегі ілгерілеушілікке ризалығын білдіріп, бұл саладағы жетістіктерді ИИР оқшаулау және елді әлемнің озық өнеркәсіптерінен артта қалдыру жолындағы санкциялар мен талпыныстар сәтсіздігінің нәтижесі деп бағалады.  

Тегтер