Қаң 10, 2023 00:19 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі тарихта өзгеріс тудыратын оқиғаларды ғибратқа толы ірі тәжірибелер немесе бір илаһи сүннеттің кепілі деп атады.

Аятолла Хаменеи дүйсенбі күні 1978 жылы 9 қаңтарда болған Құм халқының тарихи көтерілісін еске алуға орай осы қала халқымен кездесуінде аталмыш ірі оқиғаны ұмытпай, одан ғибрат алу керегін айтып: "Құмның мүмін әрі революцияшыл халқының бастауымен бүкіл елде басталған ірі қозғалыс диктаторлық режимді құлатып, Иранды Батыстың шеңгелінен құтқарып, елдің тарихи және исламдық болмысын қайта жаңғыртты. Өйткені Иран Пехлевилер заманында америкалықтардың қате мәдениеті мен саяси-әскери үстемдігінің құрсауында болған еді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Қасиетті қорғанысты халықтың жауапкершілікті сезінуінен нәтиже алуы, уақытылы реакция білдіруі және қатерлерге қарсы шығуының айқын үлгісі деп атап: "Ирактың дарға асылған диктаторы Саддам АҚШ, Кеңес одағы, НАТО мен реакцияшыл елдердің ауқымды қолдауының арқасында Иранды бөлшектеу үшін шабуыл жасады. Алайда Иран бұл соғыста жеңіске жетті. Олар ештеңе істей алмады. Тіпті елдің бір қарыс жерін бөліп ала алмады",-деді.

Аятолла Хаменеи революция жеңіске жетіп, Иранның АҚШ-тың ауыр үстемдігінен құтылғанын исламдық режиммен жауласудың басты себебі деп атап, бір беделді америкалық орталықтан АҚШ-тың сол кездегі Президенті Джимми Картердің 10-ақ ай бұрын құрылған ИИР-ды құлатуға бұйрық бергені туралы құжаттың жарияланғанына тоқталып: "Осы құжатқа сәйкес Картер ОББ-ға Ислам республикасын құлатуға бұйрық берген. Бастапқы стратегияда құлату үшін үгіт-насихатты құрал ретінде пайдалану керегі айтылған",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі өз баяндамасының басқа бір бөлігінде жуырда болған бүлікті жобалаушылардың мақсатын саралай келіп: "Бұл оқиғаларда шетелдік дұшпандардың қолы айқын байқалады. Қазір кейбіреулер мұны жоққа шығарады. Бұған сендер жауаптысыңдар деп айтады. Бұл дұрыс емес",-деді.

Аятолла Хаменеи америкалықтар мен еуропалықтардың жуырда болған оқиғаларда ашық та айқын рөл ойнағанына тоқталып: "Дұшпанның осы бүліктегі ең маңызды құралы үгіт-насихат, әлеуметтік желілер мен Батыс, араб және иврит ақпарат құралдары арқылы арандату болды",-деп еске салды.

Ислам революциясының жетекшісі осы бүлікте елдің мықты тұстары, соның ішінде елдің қауіпсіздігін бұзу, оқу орындарын жабу арқылы ғылыми дамуды тоқтату, ішкі өндірістің дамуын тоқтату, туризм сияқты қарқынды дамып келе жатқан салаларды тоқтату көзделгенін айтып: "Әрине экономикалық және тұрмыстық қиындықтардың бары рас. Бірақ бұл мәселелер қоқыс жәшіктерін өртеп, көшеде бүлік шығарумен шешіле ме? Бұл істің қиянат екені анық. Жауапты органдар қиянатқа қатаң әрі әділ қатынас көрсетеді"-деді.

Тегтер