Maм 02, 2024 21:49 Asia/Almaty
  • Pew сауалнамасы: АҚШ-тағы әлеуметтік желі қолданушылары палестиналықтарға жанашырлық танытып отыр

Сәуір айында жарияланған сауалнама нәтижесі бойынша, америкалықтардың жаңа буыны алдыңғы буынға қарағанда израильдіктерді емес, палестиналықтарды жақтайды.

Pew-дің соңғы сауалнамасы көрсеткендей, америкалық жастар израильдіктерге қарағанда Палестина халқына жанашырлық танытып отыр. 30 жасқа дейінгі америкалықтардың үштен бірі Палестина халқына толық немесе көбірек жақтасатынын айтқан. Ал 14 пайызы израильдіктерге қолдау білдіретінін көрсетті.

Pew зерттеу орталығы жүргізген сауалнама бойынша статистика

 

Сондай-ақ сауалнамаға сәйкес америкалық жастар израильдіктерге қарағанда Палестина халқына жақтасады. 30 жасқа дейінгі 10 америкалықтың алтауы Палестина халқына оң көзқарасқа ие. Ал 46 пайызы Израильді жақтайды.

Pew зерттеу орталығы жүргізген сауалнама бойынша статистика

Сауалнама нәтижесі бойынша, соңғы жылдары америкалық жастар арасында израильдіктер туралы көзқарас нашарлаған. 30 жасқа дейінгі америкалықтардың израильдіктерге қатысты оң көзқарасы 2019 жылдан бүгінге дейін 17 пайызға азайған. Ал Палестина халқына қатысты көзқарасы осы аралықта өзгермеген.

Сауалнама нәтижесі бойынша, егделеу америкалықтар көбіне Израильді қолдауға бейім.  

Сараптама бойынша, мұндай жағдайдың себептерінің бірі – буындардың ақпарат көздерінің айырмашылығы. Егде америкалықтар билікке бағынышты теледидар, ақпарат агенттіктері мен газеттерден мағлұмат алады. Ал жаңа буын ақпараттарды тікелей әлеуметтік желілерден алады. Оларда еркіндік көбірек, редакторлардың қысымы аздау.

Бұл сауалнама соңғы айларда Израильдің Газадағы Палестина халқына шабуылын ескере отырып жүргізілді.

Израиль режимі 2023 жылы 7 қазанда Батыстың бірнеше елінің жан-жақты қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестина халқына қарсы ауқымды геноцид бастады.

Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша, сионистік режимнің Газа секторына шабуылдарында осы күнге дейін 34 мыңнан аса палестиналық қаза тауып, 77 мыңнан аса адам жараланып, 10 мыңнан астам адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Израиль режимінің іргетасы 1917 жылы Ұлыбританияның отарлау жобасына сәйкес түрлі елдерден еврейлерді Палестина жеріне көшіру арқылы қаланды. 1948 жылы Израиль мемлекеті жарияланды. Сол заманнан бері палестиналықтарды қырып-жойып, жерлерін тартып алу үшін түрлі жобалар орындалды.  

Әлемдегі бірқатар елдер, соның ішінде ИИР осы мәселенің шешім жолын Израиль режимін жойып, еврейлерді өз елдеріне қайтару деп санайды. Иранның сенімінше, Палестина халқы референдум өткізу арқылы осы еврей мигранттарды қабылдау-қабылдамау туралы шешім шығаруы тиіс.

Дереккөзі: Younger Americans stand out in their views of the Israel-Hamas war. 2024. Pew Research Center

Тегтер