Қаң 23, 2023 13:13 Asia/Almaty
  • Дін жетекшілері исламға қарсы әрекеттер мен діни қасиеттерге тіл тигізуден алыстауын  жариялауы керек

ИИР Дін саясаты және үйлестіру кеңесінің басшысы Швецияда Құран Кәрімді өртеу мен діни қасиеттілерге тіл тигізуді айыптай отырып: «Дүниежүзіндегі дін жетекшілері мен азат адамдары исламға қарсы әрекеттер мен діни қасиеттерге тіл тигізуден алыстауын жариялауы керек»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Мәһди Иманипур: «Азаттықты қорғаймыз деген желеумен мұндай сұмдық шоуларды өткізу басқа діндердің киелі жерлерін, рәміздерін, шығармалары мен ғибадатханаларын құрметтеп келген мұсылмандарды ашуландырады. Ұятсыз әрекеттердің бұл түрі діндердің, салт-дәстүрлердің және мәдениеттердің ізбасарларының бейбіт қатар өмір сүруіне елеулі зиян келтіреді және діндер арасындағы диалог пен мәдениеттердің өзара әрекеттесу атмосферасын қараңғы ететіні жасырын емес»,- деді.