Раиси: Құранды қорлау – барлық діндерге құрметсіздік
Иран Президенті Құранды қорлауды барлық діндерге құрметсіздік деп атады.
Иран Президенті Ибрахим Раиси бейсенбі күні 29-шы Намаз форумында өзін азаттықтың бесігі санайтын Еуропада Құранға құрметсіздік көрсетілгенін айыптап: "Құран мен Құдайдың ең үлгілі адамы, яғни Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізген адамдар бүкіл адамзат баласы мен ибраһимдік діндерге құрметсіздік көрсеткенін білсін",-деді.
Раиси сөз бостандығы деген атаумен жасалып жатқан осындай сұрқия әрекеттердің шын мәнінде адамзат баласына құрметсіздіктің ең сорақы түрі екенін айтып: "Бүкіл әлемде бірде-бір адам мұндай істі қабылдамайды. Өйткені бұл адазат қоғамындағы сөз бостандығына қарсы. Құран мен илаһи діндерді қорлау – қабылдауға болмайтын сұрқия әрекет",-деді.
Иран Президенті еуропалықтардың мұсылмандарға қарсы және антигуманистік қылмыстарына тоқталып: "Өздерін адам құқығын қорғаушы санайтын еуропалықтар айыпталушы ретінде қоғам мен мұсылмандар алдында жауап беруі тиіс",-деді.