Иран Сыртқы істер министрі сионистердің Дженин лагеріне шабуылына реакция білдірді
Иран Сыртқы істер министрі: «Джениннің қарсыласу қорғаны құрылды және оған кері қайтар жол жоқ»,- деді.
Хұсейн Амир Абдуллахиан Twitter парақшасында сионистік әскерилердің Дженин лагеріне шабуылы мен 10 палестиналықтың шәһид болуына реакция білдіріп: «Сионистік режимнің Дженин лагеріндегі аяусыз шабуылы мен қырғыны халықаралық қауымдастық пен исламдық елдердің қылмыскерлерге қарсы шұғыл әрекет етуін талап етеді»,- деп жазды.
Жаңадан құрылған «Бенямин Нетаньяху» кабинеті сионистік режимнің 75 жылдық тарихындағы ең шектен шыққан министрлер кабинеті болып табылады. Бұл министрлер кабинеті ресми түрде палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықтың артуына баса назар аударады және осы зорлық-зомбылық үшін оның барлық құралдарын пайдаланады.