Иран Сыртқы істер министрі сионистердің Дженин лагеріне шабуылына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i67220-Иран_Сыртқы_істер_министрі_сионистердің_Дженин_лагеріне_шабуылына_реакция_білдірді
Иран Сыртқы істер министрі: «Джениннің қарсыласу қорғаны құрылды және оған кері қайтар жол жоқ»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 27, 2023 14:45 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі сионистердің Дженин лагеріне шабуылына реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрі: «Джениннің қарсыласу қорғаны құрылды және оған кері қайтар жол жоқ»,- деді.

Хұсейн Амир Абдуллахиан Twitter парақшасында сионистік әскерилердің Дженин лагеріне шабуылы мен 10 палестиналықтың шәһид болуына  реакция білдіріп: «Сионистік режимнің Дженин лагеріндегі аяусыз шабуылы мен қырғыны халықаралық қауымдастық пен исламдық елдердің қылмыскерлерге қарсы шұғыл әрекет етуін талап етеді»,- деп жазды.

Жаңадан құрылған «Бенямин Нетаньяху» кабинеті сионистік режимнің 75 жылдық тарихындағы ең шектен шыққан министрлер кабинеті болып табылады. Бұл министрлер кабинеті ресми түрде палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықтың артуына баса назар аударады және осы зорлық-зомбылық үшін оның барлық құралдарын пайдаланады.