Ақп 01, 2023 17:38 Asia/Almaty
  • Иран әлемдегі үздік 10 болат өндірушілердің арасында өндіріс өсімі бойынша көшбасшы болып табылады

Дүниежүзілік болат қауымдастығының статистикасы бойынша, 2022 жылы ИИР болаттың сегіз пайыздық өндіріс өсімімен әлемдегі үздік 10 болат өндіруші елдің арасында бірінші орынға ие болды.

 

 

Дүниежүзілік болат қауымдастығы Иранның болат өндірісінің 2022 жылы 30 миллион 600 мың тоннаға жеткенін, бұл 2021 жылмен салыстырғанда сегіз пайыздық өсім екенін хабарлады.

Осы есеп бойынша, 2022 жылы болат өндіруші елдер бір миллиард 878 миллион тонна өндірді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға төмендегенін көрсетеді. Бұл өндіріс көлемінің бір миллиард 13 миллион тоннасы дүние жүзіндегі жалпы болат өндірісінің 53 пайызын өндірген Қытайға тиесілі. Дүниежүзілік болат қауымдастығының статистикасы бойынша, Иран 2022 жылы 30 миллион 600 мың тонна болат өндірумен әлемдік болат өндірісінде өзінің оныншы орнын бекітті.

Тегтер