Ақп 10, 2023 20:05 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Құдайдың қолдауымен АҚШ-тың Иранға қарсы барлық қастандықтары залалсыздандырылды",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері: "АҚШ Иранға қастандық жасау үшін арнайы жобалау орталықтарын ашты, бірақ Құдайдың қолдауымен  Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі жылдары барлық қастандықтар залалсыздандырылды",-деді.  

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Ахмад Хатами Теһран жұма намазының құтпаларында Ислам революциясының жеңіске жеткеніне 44 жыл толғанына тоқталып: "1979 жылы Пехлеви режимі Құдайдың құдіретімен құлады. Дін мен азаттықты жоюды көздеген режим құлады",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері: "Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін үстемшілдер Иран халқына соғыс ашты. Алайда өткен 44 жылда барлық қастандықтар залалсыздандырылды",-деді.

Ахмад Хатами сондай-ақ Иран халқының Ислам революциясының жеңісі күнгі шеруге жаппай қатысуын құптарлық амал деп атап, ертеңгі шеруді Иран халқының қырағылығының белгісі деп атады.

Сонымен қатар Теһран жұма намазының құтпагері Сирия мен Түркияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты.

Тегтер