Раиси: Иран халқы дұшпанның лас қолын біледі
(last modified Sat, 11 Feb 2023 12:03:38 GMT )
Ақп 11, 2023 18:03 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран халқы дұшпанның лас қолын біледі

Иран Президенті 22 бахман күнгі шеруде: «Бүгін Иран халқының ұлттық бірлік, бірлік, ықпалдастық және эпикалық қатысу күні»,- деп баса айтты.  

Иран Президенті Ибрахим Раиси: «Халқымыз соңғы оқиғаларда дұшпанды  да, оның зұлым қолын да танып, сахнаға шығып, жарқырап, жауды жеңді. Ел санкцияларға қарамастан экономикалық өсуден пайда көріп отыр»,- деді.

Раиси: «Дұшпандар Иранның барлық салаларда, соның ішінде әртүрлі ғылымдарда дамып келе жатқанын көріп, қастандық жасай бастады және  бүлік жобасы арқылы біздің ілгерілеуімізді тоқтата аламыз деп ойлады. Жақында болған дүрбелеңде жауға алданып қалғандар ұлттың құшағы оларға ашық екенін білуі керек.  Үкіметте біз діни басшының әкелік көзқарасын ұстанамыз. Жаудың азаттық пен өмір емес, алдау іздегенін бүгін жұрттың бәрі түсінді»,- деп мәлімдеді. Ол Батыс пен АҚШ-қа  қаратқан сөзінде: «Сендер әйелдерді құрал ретінде пайдалана отырып, әйелдер құқығы туралы айтасындар»,-  деді.

Раиси  жауыдың мәселесі әйелдің, бостандықтың, өмірдің, адам құқығының емес екенін халық түсінгенін қуаттап: «Дұшпан Иран ұлтының тәуелсіздігін тартып алуды, Иран ұлтының бостандығы мен өмірін тартып алуды көздейді»,- деді.

Иран Президенті Иранның әртүрлі ғылым мен технология, экономика және денсаулық сақтау мен медицинадағы қорғаныс саласындағы жетістіктеріне тоқталып: «Бүгінде аймақта көп сала бойынша бірінші, ал әлем бойынша төртінші, бесінші, алтыншы орындардамыз»,- деп айтты.

 

Тегтер