Иран Президенті: Қытайға сапар барысында 20 өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады
ИИР Президенті Теһран мен Бейжің арасында әртүрлі салалардағы 20 түсіністік меморандумына қол қойылатынын хабарлады.
ИИР Президенті Ибрахим Раиси кеше (дүйсенбі) Қытайға аттанар алдында Теһранның «Мехрабад» халықаралық әуежайында бұл сапардың дос ел Қытайдың төрағасы Си Цзинпиннің шақыруымен жасалып, бұл сапарда бірінші кезекте Иран мен Қытай арасындағы 25 жылдық стратегиялық құжаттың жүзеге асуы жалғасын табатынын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Раиси: «Қытай мен Иранның мүмкіндіктері көп болғандықтан және екі тәуелсіз ел ретінде олардың аймақ пен әлемде ортақ мүдделері бар, олар көбірек қарым-қатынас жасай алады. Біз Қытаймен әртүрлі экономикалық, энергетикалық және валюталық салаларда қарым-қатынастамыз және осының негізінде Бейжіңде екі елдің ресми тұлғалары мен жоғары лауазымды тұлғалары 20 өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады»,- деді.