Ақп 14, 2023 14:38 Asia/Almaty
  • Каспийде Иран мен Қазақстан арасында тұрақты және бірлескен кеме қатынасын құру туралы ұсыныс жасалды

Иранның порттар және теңіз ұйымының бас директоры Каспий теңізінде Иран мен Қазақстан арасында ортақ және тұрақты кеме қатынасын құруды ұсынды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әлиакбар Сафаи Қазақстанның Теһрандағы елшісімен кездесуінде бұл ұйымның Иранның солтүстігі мен оңтүстігіндегі порт операциялары бойынша келісім-шартты қазақстандық жеке сектор инвесторларына беруге дайын екенін білдіре отырып,  екі елдің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай жеткізілім тізбегі мен теңіз логистикасын құруды бағалады.

Иранның жол және қала құрылысы министрінің орынбасары: «Қазақстандық компаниялардың Иранның солтүстігі мен оңтүстігіндегі порттарға салған кез келген инвестициясы шетелдік инвестицияларды қорғау заңымен қолдау табады»,- деді.

Асқат Оразбай өткен жылы Қазақстанның мамандар делегацияларының Иранның солтүстігі мен оңтүстігіндегі порттардың нысандары мен жабдықтарын аралау үшін Иранға жасаған сапарына тоқталып, Қазақстандық компаниялардың Иран порттарына инвестиция салуы тексеріліп жатқанын хабарлады. Озарбай Қазақстан үкіметінің Иран порттары арқылы аймақ елдерімен экономикалық және сауда қатынастарын дамытуға мүдделі екенін хабарлап: «Ашық су айдындарына қосылу стратегиясы Астананың маңызды экономикалық саясатының бірі болып саналады, сондықтан Қазақстан үкіметі Иранмен логистикалық ынтымақтастық жобасын мүмкіндігінше тезірек жүзеге асыруға талпынуда»,- деп мәлімдеді.

Тегтер