Иранның 10-шы көмек ұшағы Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа жіберілді
(last modified Sat, 18 Feb 2023 05:19:23 GMT )
Ақп 18, 2023 11:19 Asia/Almaty
  • Иранның 10-шы көмек ұшағы  Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа жіберілді

ИИР-ның Сирия халқына жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа оныншы гуманитарлық көмек ұшағы кеше (жұма) кешке Сирияның солтүстік-батысындағы Латакия порттық қаласы әуежайына қонып, оның жүктері Сирия билігіне тапсырылды.

Латакиядағы ИИР-ның Мәдениет үйінің басшысы Әлиреза Фадави, IRNA агенттігіне берген сұхбатында: «Иранның Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа көмек көрсетуінің үшінші ұшағы, соның ішінде 25 тонна азық-түлік пен биологиялық қажетті заттар бүгін Сирияның солтүстік-батысындағы жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа жеткізілді»,- деді.

Бұған дейін Ираннан Дамаскіге әуе көмегінің екі партиясы, Латакияға екі жүк және Алеппоға тағы бес жүк жөнелтілген болатын. Бұл ұшақты Латакияға жіберуімен ИИР-ның Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа жіберген ұшақтарының саны 10 ұшаққа жетті.

Тегтер