Ақп 19, 2023 22:04 Asia/Almaty
  • Семнан университетінде

"Қарсыласу елшілері" атты халықаралық форум Иранның Семнан университетінде түрлі елдерден келген 200-ден аса студенттің қатысуымен өтті.

Семнан университеті ректорының мәдени істер жөніндегі орынбасары Ашкан Джебели Джаван: "Шетелдік студенттерге Фаджр онкүндігі мен Қасиетті қорғаныс жылдары жайлы көбірек ақпарат беру, қарсыласу қозғалысының сардарларын таныстыру осы форумның  мақсаттарының бірі болды",-деді.

Иранның "Нұр жолындағылар" штабының халықаралық істер жөніндегі басшысы Әли Хадем әлемдегі үстемшіл жүйенің кедейлік, азғындық пен кемсітушілікті таратуды қалайтынын айтып: "Шәһидтердің жолын жалғастырушылардың миссиясы – АҚШ-тың зұлымдығы мен кедейлікке қарсы күресу",-деді.

Форум барысында Ауғанстаннан келген екі үздік студент марапатталды.

Семнан университетінде 700-ден аса шетелдік студент білім алып жатыр.

Тегтер