Ақп 22, 2023 12:57 Asia/Almaty
  • Канани Чафи: Халықаралық құқықты бұзған кейбір еуропалық үкіметтердің басқаларға кеңес беруге құқығы жоқ

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Еуропаның сыртқы саясат жөніндегі басшысының соңғы мәлімдемесіндегі ережелерге реакция білдіріп: «Кейбір еуропалық үкіметтердің басқаларға халықаралық құқық негізін ұсынуға құқығы жоқ»,- деді.

Еуропа Одағының сыртқы саясатының басшысы Жозеп Боррел мәлімдемесінде Иранның Еуроодақ азаматтарын негізсіз тұтқындағанын алға тартып, бұл мәселеге наразылық білдірді.

Iran Press-тің хабарлауынша,  Насер Канани Чафи Жозеп  Боррел жариялаған соңғы мәлімдемеге реакция білдіріп: «Кейбір еуропалық үкіметтер халықаралық құқық нормаларын ұстанбай, халықаралық міндеттемелер мен адам құқықтарын бұзу бағытында қадам басып жатқан жағдайда, олардың халықаралық құқық стандарттарын енгізу мен сақтаудың жаршысы болуға және оларды басқа үкіметтерге ұсынуға құқығы жоқ. Кейбір батыс үкіметтері Иран азаматтарының едәуір бөлігін өз бетінше қамауға алып, оларды ұзақ мерзімді түрмелерге кесті немесе өздері жасаған және заңсыз санкциялар критерийлеріне сүйене отырып, жау елдерге экстрадициялады»,- деп мәлімдеді.

Тегтер