Сардар Қаани: ИИР АҚШ-тың аймақтағы инвестициясының сәтсіздікке ұшырауына себеп болды
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы АҚШ-тың бұрынғы президентінің Батыс Азия аймағында жеті мың миллиард доллар жұмсағанын мойындауына сілтеме жасай отырып: «Иран Ислам Республикасының жүйесі мен Ислам революциясының мәдениеті бұл инвестицияның сәтсіздікке ұшырауына себеп болды»,- деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бригада генералы Исмаил Қаани Діни жетекшінің Хобрегон мәжілісінің 11-ші ресми отырысында қасиетті шағбан айы мен осы айдағы қасиетті мерекелерді еске алып: «Ислам революциясының қозғалысы басында қылмыскер АҚШ пен сионистік режим тұрған Ислам жауларының дұшпандығына қарамастан қарқынды түрде жалғасуда және әсердің бастауы аймақ пен әлемде байқалуда»,- деп мәлімдеді. Сардар Каани аймақтағы кейбір елдердің ынтымақтастығымен қалыптасқан және лаңкестік топтар, соның ішінде ДАИШ сияқты қауіпті құбылыстардың тууына себеп болған америкалық стратегияның өзгеруіне тоқталып: «Қарсыласу майданының жалған көшірмесі болған ДАИШ үлгісі аймақтың жағдайын американдықтарға қолайлы етіп өзгерту мүмкіндігіне ие болды, бірақ таза қарсыласу мәдениеті мен Ислам революциясының мәні болған шәһид генерал-лейтенант Қасем Сүлеймани мен оның одақтастарының талпыныстары бұл үлкен қастандықты сәтсіздікке ұшыратты»,- деді.