Рухани: Бүгінгі әлем Иран мен оның міндеттемелеріне сенеді
https://itolqyn.com/news/iran-i6787-Рухани_Бүгінгі_әлем_Иран_мен_оның_міндеттемелеріне_сенеді
ИИР президенті бүгінгі әлемнің Иран ислам республикасы мен оның міндеттемелеріне сенетінін баса айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 03, 2016 22:14 Asia/Almaty
  • Рухани: Бүгінгі әлем Иран мен оның міндеттемелеріне сенеді

ИИР президенті бүгінгі әлемнің Иран ислам республикасы мен оның міндеттемелеріне сенетінін баса айтты.

Иран президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһран халықаралық 29- шы кітап көрмесінің ашылу рәсімінде Иранның өз сенімі бойынша міндеттемелеріне берік болатынын мәлімдеп: «Әр түрлі мемлекеттер басшыларының Иранға сапар шегуі және ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қоюы Иранға деген сенімін білдіреді. Шетелдік компаниялардың Иранда болуы және шетел банктері қаржысының Иранға қарай ағылуы ядролық келіссөздер табысының баршаға пайдалы болғанын көрсетеді» деді.

ИИР президенті ядролық келіссөздер нәтижесін «ұтыс- ұтыс» деп атап: «Аймақтағы кейбір елдер келіссөздерден қауіпсініп, әр күні кедергі келтіруді мақсат етті, бірақ Иранның ұлы халқы осы табысты өз мақсатына жеткізді» деді.

Иран президенті сондай- ақ таңдаулы баспагерлер мен шетел өкілдерінің, әсіресе Ресей президенті өкілінің Теһран халықаралық 29-шы кітап көрмесіне қатысуына алғыс айтты.

Теһран халықаралық 29-шы кітап көрмесі бүгін, сейсенбі күні «Ертең оқу үшін кеш» деген ұранмен Иран президентінің қатысуымен өз жұмысын бастады. Көрменің жұмысы мамыр айының 14- не дейін жалғасады.