Нау 05, 2023 16:04 Asia/Almaty
  • Киш аралында ерлер арасында халықаралық теннис турнирі басталды

Киш аралында 23 елдің спортшыларының қатысуымен ерлер арасында халықаралық теннис турнирі басталды.

Халықаралық теннис турнирі жексенбі күні Киш аралындағы "Олимпиада" спорт кешенінде басталды. Иран 23 елден 90 спортшыны қабылдап жатыр.

Теннисшілер 19 наурызға дейін Иранның оңтүстігіндегі аралда үздік атану үшін бақ сынасады.

Венгрия, Қытай, Франция, Италия, Үндістан, Сирия, Румыния, Ресей, Алжир, Бельгия, Чехия, Словакия, Германия, Малайзия, Түркия, Аустрия, Португалия, Швецария, Пәкістан, Беларусь, Аустралия, Канада, Испанияның теннисшілері осы турнирге қатысып жатыр.

Тегтер