Нау 12, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Иран Телерадио бірлестігі басшысының орынбасары: АҚШ үстемдігінің азаюы – әлем тарихындағы бетбұрыс нүктесі

Иран Телерадио бірлестігі басшысының орынбасары: "Әлем тарихындағы бетбұрыс нүктелерінің бірі – АҚШ үстемдігі мен одан туындаған біржақтылықтың азаюы",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмад Ноурузи "Медиа таңы" атты фестиваль аясында: "Қазіргі көпполюстік әлем – басқа кезден айқынырақ байқалатын объективті шындық. Үстемшіл елдер бар күшін салып әлемде жаңа жүйенің қалыптасуына тосқауыл қоюға талпынып жатқаны анық",-деді.

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы АҚШ пен оның одақтастарының Иракқа шабуыл жасап, басып алған күнінің жылдығымен бір мезгілде Иранда шет тілінде алғашқы халықаралық арнаның құрылуының жылдығына орай "Медиа таңы" атты фестиваль өткеніне тоқталып: "Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты ақпарат құралдары белсенділік және көшбасшылық деген екі стратегиялық принцип негізінде балама варианттарды ұсынуға мүмкіндік тудыруға талпынып жатыр",-деді.

Ахмад Ноурузи сондай-ақ Рэйчел Корридің шәһид болғанына 20 жыл өткеніне тоқталып: "Рэйчел Корри зұлымдық пен басқыншылыққа қарсы күресте ұлт пен дін маңызды емес екенін көрсетті. Ол адамзатқа ортақ құндылықтар үшін қасық қаны қалғанша күресіп, жан пида ету керек екенін көрсетті",-деді.

Тегтер