Нау 22, 2023 10:14 Asia/Almaty
  • Камал Харази  Башар Асадпен кездесті

Иранның Сыртқы байланыстар жөніндегі стратегиялық кеңесінің басшысы Сидкамал Харази Дамаскідегі сапарының соңғы күні кеше (сейсенбі) Сирия Президенті Башар Асадпен кездесті.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл кездесуде халықаралық және аймақтық оқиғалар, әсіресе Сирияның сыртқы қарым-қатынастарындағы жаңа өзгерістер, сондай-ақ Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың орнығуы талқыланды. Харази осы кездесудің басында таяудағы жер сілкінісінен көптеген сириялықтардың қаза болуына бойланысты Сирия үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Сирия Президенті Иранның Сирия халқы мен үкіметіне, соның ішінде лаңкестікпен және сыртқы қауіптермен күресу, сондай-ақ соңғы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қолдауы мен көмегіне алғысын айтты.

Тегтер