Сәу 01, 2023 22:31 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Елдің жауапты басшылары инфляцияны тоқтату арқылы халықтың әлеуметтік және экономикалық белсендігінің артуына жағдай жасауы тиіс",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Мұхаммедхасан Абуторабифард биылғы жылдың "Инфляцияны тоқтату және өндірісті арттыру" деп аталғанына тоқталып: "Иран үкіметінің басты басымдығы және негізгі алаңдаушылығы – экономикалық жағдайды жақсарту және ауыр экономикалық соғыс жағдайында халықтың әл-ауқатын түзеу",-деді.

Абуторабифард сондай-ақ 12 фарвардин – Иран Ислам республикасы күнімен құттықтап, бұл күннің халық саяси сахнаны басқаруды қолға алса, мерейінің үстем болуына жол ашық екенін көрсеткенін айтып: "Иран Ислам республикасы күні – діни демократия күні. Ол екі ұстын – республика мен ислам дініне негізделген",-деді.

Тегтер