Сәу 07, 2023 17:35 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиян Қытай Сыртқы істер министрімен кездесті

Бейжіңге барған ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан қытайлық әріптесімен кездесіп, Иранның Қытаймен қарым-қатынасына деген көзқарасының стратегиялық екенін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Абдуллахиан президенттердің келісімдері мен екі ел арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жан-жақты бағдарламасына тоқталып: «Екі ел президенттерінің келісімдері байыпты түрде орындалып, жүзеге асатынына және екіжақты қарым-қатынастар ілгерілей түсетініне сенімдімін»,- деді. Ол сондай-ақ Иранның 13-ші үкіметтінің аймақ елдерімен қарым-қатынастарды дамытудағы көзқарасына назар аудартып: «Иран «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қытай және Парсы шығанағы елдерімен серіктестік орнатуды құптайды»,- деп мәлімдеді.

Осы кездесуде Қытай Сыртқы істер министрі де Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы ресми қарым-қатынастардың орнағанына ризалығын білдіріп: «Бұл келісім аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізіп, Қытай Иран мен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастардың дамуын құптайды және бұл оң өзгерістер Иранға салынған біржақты санкциялардың пайдасыз екенін көрсетеді»,- деді.

Тегтер