Сәу 17, 2023 14:38 Asia/Almaty
  • Иран адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылардың палестиналықтардың құқықтарының бұзылғанына үнсіз қарап отырғанын сынады

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылардың сионистік режим тарапынан палестиналықтардың құқықтарының жүйелі түрде ауқымды бұзылып жатқанына үнсіз қарап отырғанын сынады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насыр Канани дүйсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында 17 сәуір – Палестиналық тұтқындар күніне орай: "Батыс елдерінде адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар сионистік режим тарапынан палестиналықтардың құқықтарының жүйелі түрде ауқымды бұзылып жатқанына әлі де үнсіз қарап отыр",-деп жазды.

Канани: "Бұл жалған уәж айтушылар апартеид сионистік режимнің түрмелерінде жатқан 5 мыңға жуық палестиналық тұтқынның, соның ішінде  31 әйел мен 160 баланың тағдырынан хабары бар ма?"-деп жазды.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Тарих пен адамзаттың ояу ұжданы оларға төрелік етеді",-деді.  

Тегтер